«Арофат» мектебінің тарихы
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы Ибрагим ата көшесі №347 мекенжайында орналасқан, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында соғылған алғашқы мектептердің бірі – «Арофат» мектебі 2019 жылдың қаңтар айында ашылды. 1-11 сынып оқушыларына арналған сыйымдылық жобасы 850 орындық білім беру мекемесінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша білім алу – тегін.
Мектептің негізін қалаушы - меценант, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР құрметті құрылысшысы Сулайманов Низамхан Сулайманович.
Мектеп директоры – білім саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар, «Құрмет», орденінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Білім беру ісінің үздігі Пак Роза Викторовна.
Метепте 80ге жуық педагог қызмет жасайды, басым бөлігінде жоғары санат, педагог-зерттеуші, сарапшы, модератор біліктілік санаттары бар. 1000ға жуық бала білім алады. Мектеп ғимараты, пәндік кабинеттері, акт залы мен спорт залы замануи технологиялармен толықтай жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар қарастырылған. Көлемі кең ауқымды спорт алаңы (манеж) бар.
«Арофат» мектебі өзінің бесжылдық тәжірибесінде «Қала бойынша ең үздік 8 мектеп», «Республика бойынша ең үздік 100 мектеп» қатарына кіріп үлгерді. Оған себеп – мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларға екі жыл қатарынан белсене қатысып жүлделі орын алуы. Мысалы, 2021 жылы 10-сынып оқушысы Ухова Ксения, жетекшісі Л.Нурлыбековамен орыс тілі және әдебиеті пәнінен республика бойынша 3-орын; 2022 жылы Ухова Ксения, жетекшісі Л.Нурлыбековамен орыс тілі және әдебиеті пәнінен республика бойынша тағы да 3-орын; 10-сынып оқушысы Азаматова Севинч, жетекшісі Ю.Сапаровамен қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республика бойынша 1-орын иеленіп, мектептің атын республикаға танытты.
Және де «Арофат» мектебі өзінің бесжылдық тәжірибесінде қаламызға, тіпті елімізге танымал көптеген беделді азаматтарды қонақ қылып, оқушылармен тәрбиелік мәні бар кездесулер мен түрлі іс-шаралар өткізді. Мысалы, көркем гимнастика спорт шебері әйгілі Әлия Махсутқызы Юсупова, академик Асма Ахметқызы Калыбекова, спорт майталмандары Махамбет Баймурзаұлы Сапарбаев, Бисолт Османович Дециев, өнер адамдарынан Игорь Владимирович Вербицкий, Сергей Владимирович Дворцевой және т.б.
Мектептің ерекшеліктері:
- «Арофат» мектебі бір ауысымды мектеп. Демек, оқушылар таңнан түске дейін білім алса, түстен кешке дейін үй жұмыстарын орындап, өз қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелерге, атап айтсақ: футбол, баскетбол, дзюдо, еркін күрес сынды спорттық секцияларға, хореографияға және де математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен қосымша курстарға қатыса алады.
- Тасымалдау қызметі жұмыс жасайды.
- Үздік оқушыларға арнайы олимпиаданың нәтижесіне сай 5.000 теңгеден 20.000 теңгеге дейін ай сайын жалпы сомасы 500.000 теңгені құрайтын Құрылтайшы шәкіртақысы беріледі.
- Белсенді оқушылардан құралған Мектеп Парламенті өзін-өзі басқару жүйесі жұмысын жүргізеді.
- Мектептің өз таңбасы (логотип) мен әнұраны бар.